Кристина Агилера жұлдыздардан жүрексінеді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әнші Кристина Агилера өзінің жеке өмірі жайынды сөз қозғады. Жұлдыз тіпті, өнердегі ер-азаматтармен араласудан қашқақтайтын көрінеді. Агилераның мұндай қылығына не себеп?

Кристина Агилера «танымал тұлғалардың бір-бірімен қарым-қатынастарын түсінбеймін» дейді. Пайымдауынша, жұлдыздар қосылса, бірлігі ұзаққа бармайды, сондықтан жанұяда бір өнер иесі болса жеткілікті. Сондықтан да Кристина, өзіне сезімін білдірген өнерлі серілердің бетін қайтаруға мәжбүр.

***

Жақында ғана ана атанған Ева Лонгория, үш айлық сәбиінің тәтті қылықтарына тоймай жүрген жайы бар. Актриса, тіпті, Сантьягоның музыкаға қабілеті барын байқап қойған. Өзінің инстаграм парақшасында Ева, ұлын танымал әнші Джон Леджендке теңеген.

***

Анджелина Джоли мен Брэд Питт балаларына қамқорлық жасау мәселесіне нүкте қойғандай. Жұлдыздардың ортақ бүлдіршіндері енді анасымен қалатын болды. Энджидің бұл ұсынысына Брэд, балаларымен күнара кездесу мүмкіндігіне ие болғандықтан келіскен.